Школа №83
Телефоны приемной:
(8723) 39-12-61
Версия для
слабовидящих
» » " Kaz Robot" үйірмесінің жас өнертапқыштары
14
январь
2019

" Kaz Robot" үйірмесінің жас өнертапқыштары

Шымкент қаласы №83 жалпы орта білім беретін мектебіндегі " Kaz Robot" үйірмесінің жас өнертапқыштары өздерінің жасаған жұмыстарын мектеп оқушыларына жалпы жиында көрсетіп, роботтардың жаңа түрлерімен таныстырды. Қалалық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған робот құрылғыларды таныстырып, біреуін көпшіліктің көз алдында бөлшектерге бөліп, қайта құрастырды. Жарыстарда 10-15 минутта құрайтын роботты 7 минут ішінде құрап көрсетті. 
Көрсетілім соңынан мектеп директоры Берікбай Елтайұлы "Kaz Robot" үйірмесінің қатысушыларына қалалық жарыста жүлделі орын алған оқушыларға арнайы сертификаттары мен дипломдарын табыс етті. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив