Школа №83
Телефоны приемной:
(8723) 39-12-61
Версия для
слабовидящих
» » Татьяна Бурмистрова бізде қонақта
11
октябрь
2018

Татьяна Бурмистрова бізде қонақта

Шымкент қаласы №83 жалпы орта мектебінде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ тілі және технология бірлестіктерінің ұйымдастыруымен ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші, термеші, тіл жанашыры Татьяна Бурмистровамен кездесу кеші болып өтті. Халық көзайымына айналған өнер иесі жиылған ұстаздар мен оқушылардың көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, әннен шашу шашты. Тағылымды кездесуде күміс көмей әнші өмір жолы мен өнер жолындағы қызықты сәттерімен, өмірден түйген парасатты пайымдарымен бөлісті. Қазақ поэзиясының тұнығынан қанып ішкен орыс қызының сөз саптауы мен шешендігі көрерменді тәнті етті. Айтылмай кеткен халық әндері мен халық композиторларының әндерін ел назарына ұсынып жүрген әнші көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. "Бала тәрбиесінде ұстаздың орны ерекше. Ұстаз балаға үлгі бола білуі керек. Сондықтан да осы жолда талмай еңбек етулеріңізді, дендеріңіздің саулығын тілеймін. Шәкірттеріңіз еңбектеріңізді ақтасын", - деп тілек білдірді әнші ұстаздар қауымына. 
Мектебіміздің жас ақындары Ибадуллаева Мөлдір мен Құрманбеков Бекжан өнер иесіне арнаған өлеңдерін оқып берді. Ал, жас өнерпаздар төгілтіп күй тартты. 
Кездесу соңы көрерменнің тілегі мен ұстаздардың дайындаған сый-сияпатын табыстаумен аяқталды. Әнші өз тарапынан кеш жүргізушісі А.Примкуловаға ризашылық білдіріп, ұлттық нақыштағы өз камзолын сыйға тартты. Осы кездесуден рухани азық алып, ерекше сезімге бөленген көрермендер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив