09
октябрь
2021
"Адами қарым-қатынас ізгіліктері" тақырыбында ата-аналар жиналысы
Шымкент қаласы №83 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы мектептің ата-аналар комитетінің төраға, төрайымдарын шақырып мектеп директоры Н.Ергешұлы "Адами қарым-қатынас ізгіліктері" тақырыбында ерекше форматта (коучинг) ата-аналар жиналысын өткізді. Жиын барысында ата-аналар төрт мүшесі бар үш топқа бөлініп, түрлі ситуациялық жағдайлар мен қызықты көріністерді сахналап, бала мен ұстаз, ата-ана бейнесін сезініп, туындаған жағдаяттан шығуды, тапсырмаларды бірлесе отырып орындап қиын жағдайға тап болған бала мен отбасыдағы пайда болған мәселелерін қарастырды. Жиналыс соңында ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынастың тығыз болуы, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып әр-түрлі үйірмелерге, спорттық үйірмелерге тарту керектігі айтылды. 

