
№83 жалпы орта білім беретін мктебінде ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік концерт қойылды. Оқушылар сүйікті мұғалімдерінің төл мерекесінде қуанышты көңіл күй сыйлап ән мен би шашуларын, керемет көріністерін қойып мұғалімдердің ыстық ықыласына бөленді. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!